Алматы орталық отбасылық емханасы

Қазақстан, Алматы, Төле би к-сі, 249
+7 747 564 52 62
Жаңалықтар
Вернуться к списку |

018 жылғы 15 қазанда "Алматы қаласының Орталық отбасылық емханасы" ЖШС-де Д.Назарбаевамен және Алматы қ. әкімі Б.Байбекпен кездесу болды


Сенатор Дариға Назарбаева және қала басшысы Бауыржан Байбек Алматы қаласының Орталық отбасылық емханасында дәрігерлермен кездесу өткізді. Бұл әлеуметтік маңызы бар нысан жекешелендірудің екінші толқыны шеңберінде жекеменшікке беріліп, өз қызметін сақтап қалған алғашқы нысандардың бірі. 



"Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесінің болашағы мен медициналық қызметтердің деңгейін арттыру жекеменшік медицинаға байланысты деп есептеймін. Біз 90-шы жылдары нарықтық экономикаға бағыт алып, жекеменшіктік бастамасын дамытуға бет бұрған бұрған мемлекетпіз", - деді өз сөзінде Д.Назарбаева. 



"Бұл жолдауда қаланың дамуы, урбанистика мәселелерін назарға алынған, сондықтан, біз қаладағы медициналық қызмет көрсету сапасын арттыруға айрықша көңіл бөлеміз. Және осы жолдауда медицина қызметкерлерінің жұмысын, денсаулық сақтау сапасын жақсартуға бағытталған игі бастамалар бар", - деп атап өтті Алматы қ. әкімі Бауыржан Байбек. 



"Шын мәнінде, жекеменшік медицинаның әлеуеті жоғары. Сонымен қатар, 2020 жылдан бастап сақтандыру жүйесі енгізіліп, әрбір пациент үшін күресу қажет болады. Яғни, бүгінгі күні тіркелген халық саны 30 мыңнан асып түседі, әрине, осы көрсеткішті сақтап қалуға тырысатын боламыз. Дәл осындай жағдай жекеменшік орталықтарда да болады. Тек мемлекеттік мекемелерде ғана емес, жекеменшік медицина ұйымдарында да пациент бірінші орында болады", - деді жекеменшік емхананың директоры Мәдина Қанафина.   

Сұрақ қою Пікір қалдыру Емханаға қоңырау шалу