Куатбекова Динара Махамбетовна
Алматы қаласы Орталық отбасылық емхана ЖШС директоры
Алматы қаласы Орталық отбасылық емхана әрбір пациентке кәсіби шеберлік, қамқорлық және құрметке негізделген жоғары сапалы медициналық көмек көрсетуге ұмтылады. Біздің команда - тәжірибелі дәрігерлер мен мұқият медициналық қызметкерлер, олар күн сайын пациенттердің денсаулығы үшін еңбек етеді. Емхана заманауи жабдықпен қамтамасыз етілген және озық технологияны қолданады, бұл ауруды дер кезінде анықтап, кең ауқымды дертті тиімді емдеуге мүмкіндік береді. Біз жеке тәсіл мен жанашыр қарым-қатынас сауығуда маңызды рөл атқаратынына сенеміз. Сол себепті біз пациенттерді алғашқы кеңес беруден бастап толық қалпына келгенге дейін әр қадамында қолдап жүреміз.
Куатбекова Динара Махамбетовна
-Медицина ғылымдарының магистрі, дәрігер-педиатр, жалпы тәжірибе дәрігері, дәрігер-оториноларинголог (балалар/ересектер), жоғары санатты дәрігер, денсаулық сақтау үздігі.
- 2002 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын «Педиатрия» мамандығы бойынша үздік бітірген.
- 2002-2003 ж.ж. ҚММА базасында «Балалар оториноларингологиясы» мамандығы бойынша интернатурадан өткен. «Оториноларингология (сурдология) ересектер/балалар» мамандығы бойынша алғашқы мамандандырудан өткен.
- 2009-2010 ж.ж. АМДЖИ-де «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандығы бойынша алғашқы мамандандырудан өткен.
Жұмыс өтілі:
Мемлекеттік марапаттары:
Ғылыми қызметі:
Жұмыс өтілі:
- 2003-2008 ж.ж. – дәрігер-оториноларинголог (балалар/ересектер), қоса атқарушы ретінде педиатр дәрігер, «№6 қалалық балалар емхана» МКҚК.
- 2005-2008 ж.ж. – «№6 қалалық емхана» МКҚК, педиатрия және терапия бөлімшелерінің меңгерушісі. Кәсіби ұйымдастырушы.
- 2008-2016 ж.ж. – ШЖҚ «Алматы мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институты» (АМДЖИ) МКҚК, балалар ЛОР курсы бар оториноларингология кафедрасының оқу ісі жөніндегі меңгерушісі.
- 2010-2015 ж.ж. – қоса атқарушы ретінде хирургиялық факультет деканының орынбасары, АМДЖИ-дың оқу-әдістемелік бөлімінің бастығы, АМДЖИ жанындағы оқу-әдістемелік орталықтың бас сарапшысы.
- 2015-2016 ж.ж. – «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша тағылымдама, Мемлекеттік Президенттік стипендия иегері, Израиль, Тель-Авив қаласы.
- 2016 жылдан бүгінге дейін – «Алматы қаласы Орталық отбасылық емхана» ЖШС директоры.
Мемлекеттік марапаттары:
- Жылдың үздік оқытушысы – 2012 ж.
- «Болашақ» халықаралық стипендиаты – 2015-2016 ж.ж.
- «Алтын дәрігер» қоғамдық марапаты – 2020 ж.
- Медицина саласының үздігі – 03.11.2020 ж.
- ҚР Президенті Қ.-Ж. Тоқаевтың 12.12.2021 ж. Жарлығымен «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі
- «Денсаулық сақтау саласындағы мақтаныш» – 2021 ж., алтын орын.
- «Мамандыққа адалдық және сезімтал жүрек» ордені, ҚР Ұлттық бизнес рейтингі – 2021 ж.
- Алматы қаласы «Amanat» партиясы М. Отыншиев қолынан Медицина қызметкерлері күніне орай Алғыс хат – 2022 ж.
- Қазақстан медицина қызметкерлері қоғамының шешімімен денсаулық сақтау саласына қосқан елеулі үлесі үшін «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі – 2022 ж.
- «Денсаулық сақтау үздігі» ордені – 2022 ж.
- «Денсаулық сақтау саласының үздік маманы – 2023», Медицина қызметкерлері қоғамы.
- «Ибн Сина» ордені, І дәрежелі – 2024 ж., Медицина қызметкерлері қоғамы.
Ғылыми қызметі:
- 26 мақала мен тезис, 1 патент – «Балаларда созылмалы тонзиллитті емдеу тәсілі» жарияланған, 5-тен астам әдістемелік ұсыным әзірлеуге қатысқан.
- Қазақстан Республикасының оториноларинголог дәрігерлерін оқытуға арналған жұмыс оқу бағдарламасын әзірлеу, резиденттерді оқытуға арналған (24 жұмыс оқу бағдарламасы) және АМДЖИ-дың оқу-әдістемелік орталығы үшін оқу-әдістемелік ұсынымдар (3 оқу-әдістемелік ұсыным) дайындады.
- Инновациялық патент – «Балаларда созылмалы тонзиллит пен таңдай бадамшаларының гипертрофиясының алдын алу және емдеу тәсілі». 2008 жылдан 2021 жылға дейін кафедрада 24-тен астам ғылыми мақала жариялаған.
- 2012 ж. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі желісі бойынша Сингапурда «Оториноларингологиядағы симуляциялық оқыту» тақырыбында білім алған, оқу соңында Орта Азия дәрігерлері арасында 2-орын иеленген.
- «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында «Президенттік стипендиямен» Тель-Авивте (Израиль) тағылымдамадан өткен. Еуропа және Израильде жұмыс тәжірибесі бар.
- Оториноларингологтардың халықаралық симпозиум/конференцияларына баяндама жасаумен қатысқан елдер: Сингапур, Оңтүстік Корея (Сеул), Германия (Бавария), Нидерландия (Амстердам), Испания (Барселона), Франция (Париж), Австрия (Зальцбург), Чехия (Прага), АҚШ (Колорадо), Израиль (Иерусалим), Ресей (Мәскеу), Украина (Киев), Беларусь (Минск).
- Еуропалық және Америкалық оториноларинголог, сурдолог, жақ-бет хирургиясы және пластикалық хирургия қоғамының мүшесі.
- МСАК менеджері (2016-2022 ж.ж.) – «Үнемді емхана» жобасын МСАК-қа енгізген.
- «Денсаулық сақтау саласында Жаңа Қазақстан» бағдарламасын іске асыру: инновациялық тәжірибені енгізу, жас мамандарды МСАК деңгейінде даярлау, халыққа білікті көмек көрсету, балалар мен ересектерге арналған инновациялық технологияны енгізу, медицина саласындағы білімді жетілдіру, кәсіби өсуге қол жеткізу.
