АЛЛЕРГОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР
Аллергология саласында кең ауқымды қызметтер көрсетеміз
Орталық отбасылық емханада аллергология қызметтері - балалар мен ересектерде түрлі аллергияны диагностикалау мен емдеуге арналған білікті көмек.
Егер сіз мұрын бітелуі, терідегі бөртпе, жөтел, ісіну немесе аллергияның өзге белгілеріне тап болсаңыз - біздің мамандар оның себебін анықтап, тиімді емдеу тәсілін ұсынады.
Біз заманауи диагностикалық әдістерді қолданамыз: тері сынамалары, зертханалық талдаулар, аллергенді анықтау тестері. Емдеу науқастың жасы, ағзасының ерекшеліктері және аллергиялық реакция түрі ескеріліп, жеке таңдалады.
Балаларға ерекше назар аударылады - біз кез келген аллергия көрінісінде қауіпсіз әрі жұмсақ тәсілді қамтамасыз етеміз. Орталық отбасылық емхана - аллергиямен де жеңіл әрі жайлы өмір сүруге болатынына сенімдік!
Біз келесі қызметтерді көрсетеміз:
- Аллергологтың қабылдауы (балалар, ересектер)
- Тағамдық, маусымдық, тұрмыстық және дәрілік аллергияға тексеру
- Аллергиялық сынамалар мен талдаулар жүргізу
- Жеке емдеу курсын тағайындау
- Аллергенге спецификалық иммунотерапия (АСИТ)
- Бронх демікпесі мен аллергиялық ринитті емдеу
- Аллергия кезінде тамақтану бойынша кеңес беру
- Терідегі аллергиялық реакцияларды (экзема, есекжем, дерматит) емдеу
- Созылмалы аллергия кезінде ұзақ мерзімді бақылау
- Өмір салты мен асқынудың алдын алу бойынша ұсыныстар
Байланыс
Жұмыс уақыты:
08:00-ден 20:00-ге дейін
Мекен-жайы:
Қазақстан, Алматы,
Төле би даңғылы, 249
E-mail:
info@medfamily.kz
Біз әлеуметтік желілерде:
Аллергология
