МИССИЯМЫЗ:

Пациентке бағдарланған медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дәлелді медицина қағидаттарына сүйене отырып көрсету. Мақсатымыз - заманауи диагностикалық, емдік-алдын алу және медициналық-әлеуметтік технология негізінде пациенттің қажеттігіне жауап беретін, сенімге негізделген сапалы, қолжетімді, үздіксіз және қауіпсіз көмекті халыққа қамтамасыз ету.

БОЛАШАҚ БЕЙНЕМІЗ:

Денсаулық сақтау саласындағы инновациялық бағдарламаларды іске асыруға негізделген, сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек көрсететін, бәсекеге қабілетті және қарқынды дамып келе жатқан ұйым. Біздің қызметтің басымдығы - әлеуметтік бағдарланған медициналық-санитариялық алғашқы көмек үлгісін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау мен дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ халықтың өз денсаулығына ортақ жауапкершілігін тәрбиелеу.

МАҚСАТЫМЫЗ:

Халыққа қолжетімді, сапалы және қауіпсіз қызмет көрсете отырып, тегін медициналық кепілдендірілген көмек көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы және мамандандырылған медициналық көмекті ұсыну. Бұл көмекке профилактикалық, диагностикалық және емдеу қызметтері, сондай-ақ медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде балалар мен ересектерге медициналық оңалту кіреді.

«САУ ҰРПАҚ - ҰЛТ БОЛАШАҒЫ»

Алматы қаласы Орталық отбасылық емхана ЖШС ұраны

ҚҰНДЫЛЫҚТАР МЕН ЭТИКАЛЫҚ

  • Топтық рух - емхананың жалпы нәтижесі үшін ортақ жауапкершілік;
  • Кәсібилік - барлық білімді, мүмкіндікті және тәжірибені пациент пен ұжым игілігі үшін жоғары нәтижеге бағыттау, өзара тиімді әріптестік негізінде үнемі өзін-өзі жетілдіру және кәсіби білімін арттыру;
  • Жаңашылдық - адамның шығармашылық қабілеті мен дарынын ашуға жағдай жасау;
  • Тәлімгерлік - тәжірибе алмасу, еңбек мәдениеті мен корпоративтік құндылықты дарыту;
  • Жеке тұлғаның қадір-қасиетіне құрмет - адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
  • Пациент - басты назарда - әр пациенттің жеке қажеттілігін ескере отырып, жоғары сапалы қызмет көрсету;
  • Мейірімділік - пациенттерге көмектесуге қашанда дайын болу, адамсүйгіштік;
  • Жауапкершілік - өз әрекеті үшін жауап беру міндеті мен қажеттігі;
  • Әріптестік - тұрақты өзін-өзі талдау және ынтымақтастық, сондай-ақ жауапкершілік пен жұмыс көлемі арасындағы тепе-теңдікке негізделген сенім жүйесін қалыптастыру;
  • Ашықтық - жеке және ұжымдық іс-әрекетте адалдық пен әділдік қағидаттарын ұстану

Жоғары білікті медициналық персонал - кәсіби деңгейін үнемі жетілдіруге ұмтылатын мамандар.