АЛЛЕРГОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР

Аллергология саласында кең ауқымды қызметтер көрсетеміз

Орталық отбасылық емханада аллергология қызметтері - балалар мен ересектерде түрлі аллергияны диагностикалау мен емдеуге арналған білікті көмек.

Егер сіз мұрын бітелуі, терідегі бөртпе, жөтел, ісіну немесе аллергияның өзге белгілеріне тап болсаңыз - біздің мамандар оның себебін анықтап, тиімді емдеу тәсілін ұсынады.

Біз заманауи диагностикалық әдістерді қолданамыз: тері сынамалары, зертханалық талдаулар, аллергенді анықтау тестері. Емдеу науқастың жасы, ағзасының ерекшеліктері және аллергиялық реакция түрі ескеріліп, жеке таңдалады.

Балаларға ерекше назар аударылады - біз кез келген аллергия көрінісінде қауіпсіз әрі жұмсақ тәсілді қамтамасыз етеміз. Орталық отбасылық емхана - аллергиямен де жеңіл әрі жайлы өмір сүруге болатынына сенімдік!

Біз келесі қызметтерді көрсетеміз:

  • Аллергологтың қабылдауы (балалар, ересектер)
  • Тағамдық, маусымдық, тұрмыстық және дәрілік аллергияға тексеру
  • Аллергиялық сынамалар мен талдаулар жүргізу
  • Жеке емдеу курсын тағайындау
  • Аллергенге спецификалық иммунотерапия (АСИТ)
  • Бронх демікпесі мен аллергиялық ринитті емдеу
  • Аллергия кезінде тамақтану бойынша кеңес беру
  • Терідегі аллергиялық реакцияларды (экзема, есекжем, дерматит) емдеу
  • Созылмалы аллергия кезінде ұзақ мерзімді бақылау
  • Өмір салты мен асқынудың алдын алу бойынша ұсыныстар

Өтінішіңізді қалдырыңыз

Емханадаалу тегін кеңес өтінішті қалдыру

Байланыс

Жұмыс уақыты:
08:00-ден 20:00-ге дейін

Мекен-жайы:
Қазақстан, Алматы,
Төле би даңғылы, 249

E-mail:
info@medfamily.kz

Біз әлеуметтік желілерде:

Аллергология