ХИРУРГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР

Біз кең ауқымды хирургиялық қызмет көрсетеміз

Орталық отбасылық емхана көрсететін хирургиялық қызметтер - сіздің денсаулығыңызға алғашқы жараны тазалаудан бастап кез келген күрделіктегі амбулаториялық отаға дейін қамқорлық жасау.

Біздің хирург-дәрігерлеріміздің тәжірибесі мол және олар қауіпсіз әрі заманауи әдісті қолдана отырып, сіз өзіңізді сенімді сезінуіңіз және кәсіби көмекті жылдам әрі тиімді алуыңыз үшін жұмыс істейді.

Біз түрлі деңгейдегі таңғыш жасау, тырнақ пластинасын алу, абсцесті ашу, қатерсіз түзілісті алып тастау, геморроидэктомия, тыртықты түзету, блокадалық терапия және басқа да көптеген манипуляция жүргіземіз. Балалар үшін нәзік әрі мұқият тәсіл қарастырылған, соның ішінде балаларға гипс салу және амбулаториялық ота бар.

Орталық отбасылық емханаға қабылдауға жазылыңыз - біз білікті хирургиялық көмек керек болғанда, артық стресс пен күтусіз қызмет көрсетеміз.

Біз сіздің өз денсаулығыңызды бізге сеніп тапсыратыныңызды бағалаймыз және бұл сенімді ақтауға тырысамыз.

Біз келесі қызметті ұсынамыз:

  • Таңғыш (қарапайым, орташа, күрделі)
  • Тырнақ пластинасын алу (балалар мен ересектер)
  • Алғашқы хирургиялық тазалау (АХТ) + некрэктомия
  • Тігіс салумен АХТ
  • Жараны алғашқы хирургиялық тазалау
  • Отадан кейінгі тігісті, гипс таңғыштарын алу
  • Тері астындағы абсцесті (фурункул) ашу
  • Парапроктитті ашу
  • Тері астындағы абсцесті (карбункул) ашу
  • Амбулаториялық-травматологиялық манипуляция, гипс салу
  • Балаларға гипс лангет салу
  • Сынық немесе шығу кезінде блокадамен гипс таңғыш салу
  • Амбулаториялық-травматологиялық манипуляция, сынықты орнына келтіру, гипс салу
  • Тік ішекті саусақпен тексеру
  • Амбулаториялық оталар: кіші көлемді қатерсіз түзілісті алып тастау (гигрома, липома, атерома және басқа жұмсақ тін түзілісі)
  • Орта көлемді қатерсіз түзілісті алып тастау
  • Үлкен көлемді қатерсіз түзілісті алып тастау
  • Сүндеттеу (циркумцизия)
  • Варикоцелены жою
  • Синдактилия, Полидактилияны жою
  • Геморроидэктомия (геморройды алып тастау)
  • Тік ішек жыланкөзін кесіп алып тастау
  • Геморрой түйініндегі тромбты алып тастау
  • Отадан кейінгі тыртықты түзету, косметикалық тігіс салу
  • Келоидты тыртықты емдеу
  • Буын ішіне диагностикалық пункция
  • Буын ішіне дәрілік затты енгізу
  • Емдік плазмотерапия
  • Футлярлық блокада
  • Вагосимпатикалық блокада (дәрісіз)
  • Құрсақ қуысына дренаждық пункция
  • Плевра қуысына дренаждық пункция
  • Папиллома/кондилома/сүйелді алып тастау

Өтінішіңізді қалдырыңыз

Емханадаалу тегін кеңес өтінішті қалдыру

Байланыс

Жұмыс уақыты:
08:00-ден 20:00-ге дейін

Мекен-жайы:
Қазақстан, Алматы,
Төле би даңғылы, 249

E-mail:
info@medfamily.kz

Біз әлеуметтік желілерде:

Хирургия