ИММУНОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР
Иммунология саласында кең ауқымды қызмет түрлерін ұсынамыз
Орталық отбасылық емханада көрсетілетін иммунологиялық қызмет - жиі суық тию, созылмалы шаршау, аллергия және иммундық жүйе бұзылыстары кезіндегі кәсіби көмек.
Біздің иммунолог-дәрігерлер иммунитеттің төмендеуінің жасырын себебін анықтап, оны нығайтуға арналған жеке стратегия әзірлейді. Біз ересектерді де, балаларды да қабылдаймыз - иммундық жүйеге ерте жастан бастап көңіл бөлу өте маңызды.
Иммунологқа дер кезінде қаралу жиі ауырудың, инфекциядан кейінгі асқынудың және созылмалы қабыну процестерінің алдын алуға мүмкіндік береді. Біз заманауи диагностикалық әдістерді қолдана отырып, бүкіл отбасы үшін қауіпсіз әрі тиімді емдеу және алдын алу тәсілдерін таңдаймыз.
Орталық отбасылық емхана - сіздің иммундық жүйеңіз сенімді бақылауда екенінің кепілі. Денсаулықты мамандармен бірге күтіңіз!
Біз келесі қызметтерді ұсынамыз:
- Иммунологтың қабылдауы (ересектер, балалар)
- Жиі ЖРВИ, ангина, бронхит кезінде тексеру
- Бастапқы және екіншілік иммунтапшылықты диагностикалау
- Иммунограмма және басқа да талдаулар тағайындау
- Созылмалы қабыну кезінде иммунитетті түзету
- Аутоиммунды ауруы бар науқастарды бақылау
- Иммуностимуляциялық және иммуномодуляциялық терапия
- Вирустық және бактериялық инфекциялардан кейін қолдау
- Иммунитетті нығайтудың жеке бағдарламасын жасау
- Иммундық жүйені қолдау үшін тамақтану мен өмір салты бойынша кеңес беру
Байланыс
Жұмыс уақыты:
08:00-ден 20:00-ге дейін
Мекен-жайы:
Қазақстан, Алматы,
Төле би даңғылы, 249
E-mail:
info@medfamily.kz
Біз әлеуметтік желілерде:
Иммунология
