Орталық отбасылық емханада нефрологиялық қызметтер - балалар мен ересектердің бүйрек және зәршығару жүйесінің ауруларын емдеуде білікті көмек.
Біздің нефролог дәрігерлер кешенді диагностика жүргізеді, жеке емдеу сызбасын жасайды және созылмалы жағдайдың дамуының алдын алады. Біз ерте кезеңде бұзылуды анықтауға ерекше көңіл бөлеміз, себебі бүйрек денсаулықтың негізі және ұзақ өмірдің кепілі.
Қабылдауды тәжірибелі мамандар жүргізеді, олар: УДЗ, лабораториялық талдаулар, өзге мамандардың кеңесі сияқты заманауи зерттеу әдістерін ппайдаланады. Біз бүйректің қабыну, зат алмасу және аутоиммундық ауруларын сәтті емдейміз, қан қысымын бақылаймыз және созылмалы патология кезінде қолдау терапиясын тағайындаймыз.
Орталық отбасылық емхана - сіздің денсаулығыңызға қамқорлық дәл және сенімді мамандардан басталады. Бүйрек денсаулығын кәсіби мамандарға сеніп тапсырыңыз!
Біз келесі қызметтерді ұсынамыз:
- Нефролог дәрігердің консультациясы
- Пиелонефрит, гломерулонефрит, нефритті диагностикалау және емдеу
- Ісік, зәр шығару бұзылысы, бел аурулары кезінде тексеру
- Бүйрек патологиясында қан қысымын бақылау және түзету
- Бүйрек функциясының бұзылуында диета және өмір салтын таңдау
- Нефрологиялық отаға дайындық және отадан кейін бақылау
- Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігін емдеу
- Зәртас ауруы бар науқастарды жүргізу (урологпен бірлесіп)
- Бүйрек пен қуық УДЗ
- Медикаментозды терапияны тағайындау және динамикалық бақылау
Байланыс
Жұмыс уақыты:
08:00-ден 20:00-ге дейін
Мекен-жайы:
Қазақстан, Алматы,
Төле би даңғылы, 249
E-mail:
info@medfamily.kz
Біз әлеуметтік желілерде:
Нефрология
